Маңғыстау облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының филиалы (әрі қарай - филиал) 2023 жылдың 14-інші маусымында сағат 10.00 "Ашық есік күнін" өткізеді.
Бұл іс-шараның мақсаты халықты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі, әлеуметтік аударымдарды аудару, әлеуметтік төлемдерді тағайындау және әлеуметтік төлемдердің түрлерімен, Әлеуметтік Кодекс аясында енгізілген өзгерістермен таныстыру болып табылады.
Мекен-жай: Ақтау қаласы, 16-ш/а, 22/1-ғимарат, «Несібек-Нұр» бизнес орталығы, мәжіліс залы.
Филиал директоры
У.Уркумбаев